Екпе — ең тиімді күрес

Жыл сайын күн суығанда тыныс алу жолдарының вирустық инфекцияларына шалдыққан адамдар саны артады. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – екпе егу. Иммундау үшін ең қолайлы кезең – қазан-қараша айлары. Қазанның бірінен бастап облыста тұмауға қарсы екпе егу жүргізіліп жатыр.

Иммундау науқанына облыстық бюджеттен 52 млн. 230 мың теңге бөлінді. Осы ақшаға 60 мың вакцина сатып алынды. Дәрілер халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Мамандардың айтуынша, екпе егілгеннен кейін 14 күннен соң күшіне енеді, оның қорғаныш белсенділігі 6 айдан 12 айға дейін созылады.

Жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі жоғары әлеуметтік топтар – созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті төмен және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге тегін егіледі. Тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде алуға да болады. Биыл вакцина құны – 1300 теңге. Тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы берілетін вакцина Ресейде шығарылған екен.

– Осы жылы Мичиган, Гонконг және Брисбен тұмау вирустары жұғуы мүмкін. Оның ішінде А1 штамдысы басымдық танытпақ. Яғни, Мичиган дерті тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да екпе қабылдаған жөн. Вакцина инфекцияның алдын алудың басты құралы болып табылады, – дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Фарида Мұхамеджанова.

Вакциналау тұмауға жатпайтын басқа вирустық инфекцияға қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ вакцинация аурудың өте жеңіл түрде өтуіне сеп болады және оның асқынуына жол бермейді.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.