ИГІ БАСТАМА

Алдағы жылдың соңына қарай облыс тұрғындарының амбулаторлық картасы электрондық жүйеге ауыстырылады.

Медициналық мекемелерде бұл жүйені жетілдіруге облыстық электронды денсаулық орталығы ерекше қолдау білдіруде. Аталмыш ұйым 2013 жылдан бері отандық медицинаға сандық технологияларды енгізу бағытында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда орталық облыстағы 200-ден астам медициналық мекемемен тығыз байланыста. Оның ішінде жекеменшік ұйымдар да бар.

Республикалық электрондық денсаулық орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйе енгізу жөнінен елімізде үздік үштіккен енген.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылуда. Ал республикалық электрондық денсаулық орталығы қызмет көрсетуді 22 портал арқылы жүзеге асырады. Оның ішінде емделушілер туралы ақпарат, қаржылық тіркеу мен статистикалық есеп бар. Енді смартфон арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыруға болады.

Электрондық денсаулық жүйесі тек Петропавл қаласында ғана емес, облыс аудандарында да жүзеге асырылуда. Облыстық электрондық денсаулық орталығының директоры Ольга Шерстюктің айтуынша, жыл соңына дейін ақпараттық жүйені енгізу көрсеткіші 100 пайызға жеткізілмек.

 

Саят ЕРМЕК.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.