ТҰМАУДАН САҚ БОЛ

Жыл сайын Жер шары тұрғындарының 10 пайызы тұмаумен ауыратынын ескерсек, бұл дерттің алдын алу маңызды екенін түсінеміз. Халық арасында тұмаудан емделудің бірнеше тәсілі бар.

Тұмауратқан кезде адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Сұйықтық ағзадан вирустың тезірек шығуына көмек­те­седі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде тәу­лігіне 5-6 рет қолды сабындап жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын екі есеге тө­мендетеді.

Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Шайға бал немесе сүтке сарымай қосып ішу де пайдалы. Бұл – тұмауға қарсы жақсы ем. Сарымай қосылған сүтті ыстықтай ішкен жөн. Ол үшін бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да, бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі. Сонымен қатар бұл дертке қарсы үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өңделген өсімдік майын қосып, мұрынға тамыз­у керек. Егер алоэ табылмаса, орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз. Мұрныңыз бітіп қалса, пияз жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына малып, бірнеше минут мұрын қуысында ұстау керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Бибігүл СӘЛІБАЕВА,

мейірбике.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.