ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТҮРІ

Бүгінгі таңда облысымызда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өкпе ауруына шалдыққандардың саны жыл сайын жеті пайызға кеміп келеді. Мәселен, 2016 жылы облыстық диспансерге 413 науқас есепке алынса, арада он екі ай өткендегі көрсеткіш 370-ті құрап отыр.

Петропавлдағы туберкулезге қарсы диспансерде Нидерланды орталық қауымдастығы өкілдігі мамандарының қатысуымен жиын өтіп, онда осы дертке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек жайы сөз болды.

Нидерланды дәрі-дәрмектері халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тізімде бар.

– 2018 жылдың 1 қаңтарынан өңіріміз бойынша дәріге төзімді туберкулез түрін емдеудің жаңа нұсқасы енгізіледі. Осылайша, ауру түрін қысқа мерзім ішінде жазып шығу мүмкіндігі бар, – деді облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-фтизиологы Динара Кәрменова.

Туберкулезге шалдыққан науқастар енді бұрынғыдай жиырма айда емес, бір жылда сауыға алады.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.