АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Қыс мезгілінде түрлі аурулардың өрши түсетіні белгілі. Әсіресе, өткір респираторлық вирусты инфекцияның жайылу қаупі жоғары. Десек те, бүгінгі таңда облыста жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмау ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Әзірше тұмау ауруымен тіркелген науқастар анықталмаған. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері суық тиюдің 14748 оқиғасы тіркелген. Ауруға шалдыққандардың 86,3 пайызы – облыс орталығының тұрғындары. Олардың басым көпшілігі – балалар. Осы орайда аурудың алдын алу маңызды екенін атап өту артық болмас. Адамдар денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, эпидемиологиялық кезеңде барынша сақтанып жүруі тиіс. Аурудың алдын алу мақсатында 61192 адамға екпе егілді. Оның 1,7 пайызы жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүргізілді. Екпе алғандардың ішінде жүкті әйелдер мен балалар да бар.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.