ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Түмендегі қалалық емханаларды, облыстық клиникалық ауруханаларды, “Нефтяник” медициналық-санитарлық бөлімі мен “Медицинский город” көпсалалы медициналық орталықтарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Делегация құрамында Петропавл қаласындағы емханалардың бас дәрігерлері, өңірімізде денсаулық сақтау саласын цифрландыру үрдісіне қатысатын IT-мамандар болды. Түмендік дәрігерлер денсаулық сақтау мекемелерінде қағазсыз құжат айналымын енгізудегі ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар олар жерлестерімізді медициналық қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымшалардың жұмысымен таныстырды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.