НАУҚАСҚА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Ғасыр дерті аталып кеткен АИТВ жұқпасы мен ЖИТС қазіргі таңда әлемдік деңгейде зерттелуде. Бұл аурудың алдын алу мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жақында қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандары “LEASE REALTY GROUP” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.

Қатысушыларға адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтыру жолдары және ауруға шалдыққан науқастардың қоғамға қауіпсіз екені айтылды. Кездесуде адамның иммундық тапшылық вирусы және жұқтырылған дерттің синдромы мәселелері кеңінен талқыланды. Кеселге шалдыққан адамдарды қоғамнан шеттетпеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Сондықтан мамандар көмекке зәру азаматтарға қолдау білдіру керектігіне тоқталып, елімізде бұл аурумен ауыратындар тегін емделетінін айтты.

Оксана СИМУХИНА,

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.