ЕМХАНАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

№3 қалалық емханаға келушілер бес түрлі әдіспен дәрігер қабылдауына жазыла алады. Жыл сайын оңтайландырылып, кабинет алдындағы кезек санын азайтуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Медициналық ұйымға келушілерге емхананың шағын картасы жасалып, ұялы телефон арқылы да кабинеттердің орналасу тәртібін білуге мүмкіндік туды. Мәселен, емхана А және Б блогына бөлініп, емделушілер арнайы белгілері бар түрлі түсті жолақтар арқылы қажетті кабинеттерді оңай таба алады. Өнертапқыштар жасаған мобильді қосымшалар да тұрғындарға үлкен көмегін тигізуде. Медициналық ұйымның едені мен қабырғасында, тіркеу орнында, лифті маңында кабинеттердің орналасу тәртібі көрсетілген.

– Арнайы көрсетілген белгілер арқылы емханаға келушілер ешкімнің көмегінсіз-ақ енді кабинеттерді оңай таба алатын болады. Медицинадағы бұл жаңашылдыққа қала тұрғындары ерекше қуануда. Оңтайлы әдіс арқылы уақытты үнемдеу қарастырылған. Әр бағыттың қозғалысы – тайға таңба басқандай анық әрі айқын, – дейді №3 қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Тәшетова.

Қазіргі таңда терминалдың көмегімен 600 адам дәрігердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік алған. Ал №3 емханаға 67 мың адам тіркелсе, күніне мыңға жуық қала тұрғыны келеді. Сондықтан электронды терминал арқылы немесе мобильді қосымшаның көмегімен кезекке тұру тиімді болмақ.

Самат САПАРАЛЫ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.