ТҰМАУ ТЕЗ ТАРАЙДЫ

Үстіміздегі жылы облыс аумағында А және В типті тұмау вирустарының бір кезеңде жүруі байқалуда. Тұмауға шалдыққан тұрғындар дәрігерлік көмекке жүгінуде.

Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы маусымдық кезеңге байланысты туындайды. 2017-2018 жылдардағы маусымдық кезеңде жедел респираторлы вирусты инфекцияның 22028 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі – балалар. Оның ішінде бір жасқа толмаған нәрестелердің үлесі 8 пайызды, 14 жасқа толмаған балалар 67,1 пайызды құрайды.

Жедел респираторлы вирусты инфекция диагнозымен 841 адам ауруханаға жатқызылды. Ал пневмонияға шалдыққан 1070 адамның 871-і – балалар. Жергілікті бюджеттен бөлінген 52,2 миллион теңгеге өңірдегі белгілі бір топтағы тұрғындарды тегін иммундау мақсатында 60 мың дана Ресейде шығарылған “Гриппол плюс” вакцинасы сатып алынды. Сондай-ақ, демеушілердің қаржыландырылуымен облысқа мектеп оқушыларын иммундау үшін тұмауға қарсы 10 мың вакцина жеткізілді. Нәтижесінде 70596 адам вакцина алып, 17624 оқушыға екпе егілді.

Вакцинадан басқа, тұмауды жұқтырып алмау үшін адамдар тазалық гигиенасын ұстанғаны жөн. Ауырып қалған жағдайда инфекцияның таралуына жол бермеу жағын ойластыру керек.

Фарида МҰХАМЕДЖАНОВА,

облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика