ДӘРІГЕР ҚАНША АЙЛЫҚ АЛУЫ ҚАЖЕТ?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша дәрігерлердің қазіргі орташа жалақысы анықталып, оны нақты қай межеге көтеру қажеттігі белгіленді.

Денсаулықты дамыту республикалық орталығының директоры Айнұр Айыпxанованың айтуынша, дәрігерлердің жалақысы орташа көрсеткіштен төмен болып тұр.

– Мәселен, дәрігердің орташа жалақысы 149 мың теңге екен. Ауруxана қызметкерлері 136 мыңдай алады. Ал алғашқы медициналық көмек көрсететін емxаналарда жалақының көлемі 152 мың теңгені құрайды. Бүгінде алғашқы көмек көрсету қызметкерлері ауруxанадағы әріптестерінен сәл жоғары жалақы алады. Себебі, бүгінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту шараларына басымдық беріледі. Дегенмен, оның өзі төмен болып тұр, – деді Айнұр Айыпxанова журналистерге берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде дамыған мемлекеттерде дәрігерлердің айлығы орташа жалақыдан 2,5-3 есеге артық. Қазақстанда орташа жалақыдан да төмен. Ол бүгінгі алға қойған мақсат бойынша, 2019 жылы медициналық мекемелердің жартысында дәрігердің жалақысы республикадағы орташа жалақыдан 1,5 есеге жоғары болуы қажеттігін айтты. Демек, дәрігерлердің қазіргі орташа жалақысына (149 мың теңгеге) тағы 50 пайыз қосылуы керек.

Қазіргі кезде аураxана мен емxаналардың 80 пайызы жеке шаруашылық жүргізу үлгісіне көшкен. Бұл дегеніміз, дәрігерлердің жалақысын министр емес, бас дәрігер шешетінін білдіреді. Сондықтан бас дәрігерлер қажетсіз шығындарды азайтып, үнемделген ақшаны дәрігерлердің жалақысына салуы қажет. “Тегін медициналық көмек аясындағы ақшаның көлемі ұлғаяды деп жатыр. Алда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бар. Бас дәрігерлер мұның барлығын тиімді пайдаланып, дәрігерлердің жалақысын көтере алады”, – деп атап көрсетті Айнұр Айыпxанова.

Арман АСҚАРОВ.

Comments   

 
0 #1 Айгүл 2018-03-14 05:54
Денсаулық сақтау саласы мамандарының, атап айтқанда, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметшілерінің жұмысы ең ауыр әрі жауапты іс. Солай бола тұра мардымсыз еңбекақы алып жүргендері, меніңше, әділетсіз болып көрінеді. Өңірімізде жұмысқа енді тұрған медбикелерге 35 мың теңгеден бастап еңбекақы тағайындалады екен. Мұндай жалақыға көніп келгеннің өзінде олардың жұмысқа деген қарым-қатынасы нашарлап кетпей ме деген ойға қаласың. Еңбекақы мәселесін бас дәрігерлер шешетін болса, өзі басқарып отырған мекеменің беделі үшін жұмысты қарамағындағыла рдың алашағын арттырудан бастау дұрыс деп есептеймін.
Quote
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика