КАРТОПТЫҢ ПАЙДАСЫ

Картоптың адамға азық, ағзасына ем боларлық пайдалы тұстары көп. Картоп ең көп қолданысқа ие әрi өте дәмдi көкөнiстердiң бiрi. 300 грамм қайнатылған картопта бiр тәулiкке жетерлiк көмiрсулар бар. Сонымен қатар 100 грамм жаңа пiскен жас картопта 20 миллиграмм С дәруменi болады екен. Осындай бағалы қасиеттері бар картоп түрлі дертке дауа болады. Аяқ пен қол iсiнгенде пайдасы зор. Картоптың қабығын аршып, үккiштен өткiзіп, iсiнген жерге жағу керек. 15-20 минут басып, сыртын түктi сүлгiмен жақсылап ораған жөн. Қайнаған картопты асқазан жарасымен ауырған кезде де жеуге болады. Сондай-ақ, картоп крахмалы холестерин мөлшерiн азайтып, калийдiң көмегiмен ағзадағы артық суларды сыртқа шығаратын да қасиетке ие. Сондықтан да жүрегi мен бүйрегi ауыратын жандар тамақтану мәзіріне картопты қосып қоюы керек. Басқа көкөнiстерге қарағанда картоптың калориясы жоғары екенін де білген артық емес.

Халықтық медицинада картоппен күйген терiнi, қышыманы емдейдi. Ол үшiн шикi картопты үккiштен өткiзiп, оны күйген жерге таңып қою керек. Сонымен қатар жоғары тыныс жолдары қабынғанда қайнаған картоптың буымен емделуге болады. Ал көмей мен жұтқыншақ қабынғанда шикi картоп шырынымен тамақты шаяды. Картоптың жаңа сығылған сөлiн тамақтан 2 сағат бұрын жарты стақаннан iшу пайдалы. Шамамен 5 минуттан соң 1 стақан айран iшу керек. Емдi қолдану мерзiмi – 2 апта. Он күн үзiлiс жасап, емдi қайталаған жөн. Осындай тәсілмен емдi 3-4 курсқа дейін созу пайдалы. Бұл ұйқыбезінің ауруларына ем болады. Егер қан қысымы жоғары болса, пiскен картопты көбiрек жеу пайдалы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика