АДЫРАСПАН – БЕЛГЕ ЕМ

Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік. Ол – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.

Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Кезінде Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шаншуды басатын дәрі ретінде пайдалануға кеңес берген. Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады. Ал шөбінен жасалған қайнатпа суық тигенде, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болады.

Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауру-сырқауы бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.

Адыраспан шөбінің тұнбасы бас ауруынан көмектеседі, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға көмектеседі. Сонымен қатар белге суық тигенде адыраспанмен емдеуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған 50 грамм адыраспан шөбін шүберекке түйіп, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, жылы күйде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бірнеше рет булау керек. Адыраспан улы өсімдік болған соң, оны ішкен кезде аса сақ болған жөн.

Ирина ПОПОВА,

дәріханашы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика