ҚОРЫЛ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

Қорылдап ұйықтайтын адамдар үйдегі жақындарына кедергі келтіреді. Көпшілігіміздің етіміз үйреніп кеткені соншалық, мұны үйреншікті жағдай деп қабылдаймыз. Алайда, қорылға басқан адамның денсаулығына қауіп төніп тұрғанын білмейміз. Өйткені, қорыл инфаркт пен инсульт қатерін арттырады.

Статистикаға сүйенер болсақ, ересектердің 45 пайызы ара-тұра, ал 25 пайызы үнемі қорылдайды. Ауа мұрын жұтқыншағы мен ауыз жұтқыншағының артқы бөлігі арқылы қиындықпен өткен жағдайда қорыл пайда болады. Бұл аймақта тыныс алу жолдарының жұмсақ тіндері, тіл, таңдай байланысқа түседі. Олар (түрлі себептен) қабысып, ауаның әсерінен тербеле бастайды, ал біз сол дыбыстарды түрлі деңгейде естиміз.

Қорылмен ұйқыны қандыру қиын, өйткені, ми оттегінің жетіспеушілігі туралы белгі алып, адамды оятуға тырысады. Ауру адам түніне бірнеше рет оянуы мүмкін, ол терең ұйқыға батпайды, нәтижесінде демалу үшін түн жеткіліксіз болып, тұрақты шаршағандық сезіліп тұрады. Ертесіне ауыз құрғап, бас ауырады. Жүрек-қан тамыр ауруларының (инфаркт, инсульт) даму қаупі артады. Денсаулықтың мұндай күйі қауіпті, бірақ оны емдеуге болады. Сондықтан, әлсіз және шаршап жүрсеңіз, дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс.

Мәдина ҚАЖЫҒАЛИЕВА,

дәрігер.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика