ШЫНЫҒУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Саламатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Кез келген адам денсаулығын жақсарту үшін өзінің өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, жаман әдеттен бойды аулақ ұстап, дұрыс тамақтануға баса көңіл бөлу қажет екені Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” басында айтылды. “Жастар және саламатты өмір салты” атты шараға облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

“Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы” деп бекер айтылмаған. Еліміздің болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың қолында. Жастар ұшқыр ойлы, алғыр, зерек болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті, дені сау жас ұрпақ ел игілігі жолында ертең аянбай қызмет етуі үшін олардың тәрбиесін қадағалаумен қатар саламатты өмір салтын да басты назарға алған жөн. Сондықтан облыстық кітапханада өткен жиында жастарға денсаулықтың қадірі туралы көп айтылды. Шара барысында қатысушылардың назарына бейнефильм көрсетіліп, біздің өңірдегі еріктілер жұмысының дамуы жайлы мағлұмат берілді.

Мамандардың айтуынша, саламатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі ерекше. Сондықтан дене шынықтырумен кез келген адам, әсіресе, жастар тұрақты айналысуы тиіс.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика