АЛҒЫС — АЗАМАТҚА АБЫРОЙ

Басың ауырып, балтырың сыздаса асыға жетіп, алдына баратын ақ халатты абзал жандар – адам жанының арашашылары. Кезінде арманына қанат байлап, Астанадағы іргелі оқу орындарының бірі – Қазақ мемлекеттік медицина академиясына оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, еңбекке араласқан Бахтияр Қоңқабаев – бүгінде облыстық ауруханадағы мақтаулы дәрігерлердің бірі. Уақытта тоқтау болмайды ғой, оның осынау емдеу мекемесінде нейрохирург болып қызмет істеп жатқанына 10 жыл болыпты.

Ауруханадағы өте күрделі оталар нейрохирургия бөлімшесінде жасалатынын ескерсек, мұндағы дәрігерлердің кез келгенін өз ісінің жоғары білікті маманы десе артық айтқандық емес. Газетіміздің фототілшісі Талғат Тәнібаевтың мына суретіндегі 1-ші санаттағы нейрохирург дәрігер Бахтияр Зұлқарнайұлы әріптесі Дмитрий Тимошинмен омыртқаға ота жасауда.

“Рахмет сізге, дәрігер!” деген сөзді жиі еститін ол жерлестерінің ақ алғысына бөленген абыройлы азамат.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика