ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙҒАН

Өткен жылы мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызмет көлемінің 92,3 пайызы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау салаларына тиесілі, яғни, негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша 36279,6 млн. теңгенің қызметі көрсетілді. Оның 89,2 пайызы бюджет есебінен болса, 6,6 пайызы – халықтан түскен қаражат. Медициналық қызмет көрсету үлесі ауруханаларда басым. Емдеу мекемелері ұсынған қызмет түрлері бойынша түскен табыс – 19173,1 миллион теңге. Мамандандырылған дәрігерлік және тағы басқа қызметтер қосымша қаржы көлемін ұлғайта түсті. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары 3667,4 млн. теңгенің, тіс емдеу орталықтары 1236,8 млн. теңгенің қызметін көрсеткенін айтып өткен жөн.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика