ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

Дүниежүзілік донор күні облыстық қан орталығында қайырымдылық акциясы өтті.

Шараның өтуіне ұйытқы болған “Қызыл Жарты Ай” қоғамының облыстық филиалының шақыруын құп көрген құтқарушылар игі іске бір кісідей жұмылды. Өмірдің түрлі сынағына ұшыраған жандарға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасау – құтқарушылардың тікелей міндеті. Сондықтан аталмыш сала өкілдері қан тапсыру жауапты шара екенін жақсы біледі.

– Төтенше жағдай кезінде ғана емес, қиын жағдайға тап болған адамға қол ұшын созу адамгершіліктің ізгі көрінісі. Науқастардың денсаулығын жақсартуға өз үлесіңді қосқан жақсы ғой, – дейді қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы Дмитрий Растихин. “Қызыл Жарты Ай” қоғамы облыстық филиалының директоры Сәуле Оразова қан тапсырған адамдарға ризашылығын білдірді. Әсіресе, құтқарушыларға оның айтар алғысы шексіз.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика