ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен көшуі қажеттілігін атап өтіп, оның тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажеттілігі туындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

Мем­лекет тарапынан кепілдендірілген те­гін медициналық көмек, міндетті әлеум­еттік медициналық са­қтандыру жүйесіне жарна аударған азаматтарға арналған қызметтер пакеті, сондай-ақ, дәрігерлік көмектің өзге қаржы көздерінен қаржыландырылатын қосымша көлемі сияқты медициналық қамсыздандырудың жаңа жүйесі құрылуда. Баспасөз мәслихатында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лариса Гордеева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тәртібі мен талаптары туралы айтып берді.

– Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін оңтайландыру мемлекетке, азаматтарға, медицина қызметкерлеріне және медициналық ұйымдарға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Азаматтар үшін консультативтік-диагностикалық, оңалту, қайта қалпына келтіру көмегін алуға, амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етуге қолжетімділік жоғарылайды, медициналық қызметтің сапасы артып, өзге шығындар азаяды, тұрғындар өз денсаулықтарын өздері бақылауға дағдыланады, – деді Лариса Гордеева.

Кепілдендірілген медициналық көмек барлық азаматтарға тегін ұсынылады. Оған негізгі медициналық қызметтер, нысаналы топтарға арналған скринингтер, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды қарау, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан тұрғындарды тұрақты бақылау, тағы басқалары жатады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бөлек, “Жедел жәрдем” және санитарлық авиация қызметі тегін ұсынылады. Лариса Гордееваның айтуынша, азаматтар мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы немесе ерікті медициналық сақтандырушы ретінде ақылы алатын болады.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика