ӘСЕРЛІ ФЕСТИВАЛЬ

Сенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының алдында “Денсаулық фестивалі – 2018” акциясы өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Астана қаласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе өткізген шара “Деннің сау болуы – сәнге айналсын”, “Жақсы көрсеткіштерге қол жеткіз” ұрандарын арқау етті. Салтанатты шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Одан кейін қатысушылар ашық аспан астында дене шынықтыру жаттығуын жасады. Жас таэквондашылардың көрсеткен өнерлері де көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады. Әнге де әлсін-әлсін кезек берілді. Киіз үй бейнесінде жасалған шатырлардағы денсаулық қалашықтарында дәрігерлер фестивальға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетті. Бұл жерде әрбір адам өзінің салмағын, бойын ғана емес, қан қысымын, холестерин және қан диабетін өлшетуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, олар білікті дәрігерлерден денсаулық мәселесіне қатысты ақыл-кеңес сұрады. Түрлі ауру-сырқаудан сақтану жолдары жазылған анықтамалық бүктемелер таратылды.

Денсаулық фестивалі марафоншылардың жарысымен аяқталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика