АНЫҚТАМА АЛУ ТЕГІН

Мемлекеттік қызметтердің жаңа реестріне сәйкес азаматтардың психоневрологиялық және нарколо-гиялық есепте тұрған-тұрмағандығы жөніндегі анық-тамалар бұдан былай тегін беріледі.

Облыс орталы-ғында мұндай анықтамаларды беретін мекемелердің бірі – туберкулезге қарсы диспансер болса, екіншісі – психоневрологиялық және наркологиялық диспан-серлердің бірігуінен құрылған психикалық денсаулық орталығы. Ал жүргізуші куәлігін немесе қару-жарақ пайдалануға рұқсат алуға қажетті анықтама ақылы болып қала бермек.
– Көлік жүргізу куәлігін алу үшін тексерістен өту құны 3700 болса, қару қолдануға рұқсат алу үшін қа-ралу 1400 теңгені құрайды. Бұл алдын алу шарасы болғандықтан, мемлекеттік қызметтер реестріне кір-мейді, – деді психикалық денсаулық орталығының бө-лімше меңгерушісінің міндетін атқарушы Александр Букин.
Желтоқсан айынан бастап азаматтар аталмыш анықтамаларды халыққа қызмет көрсету орталықта-рында немесе электронды үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бірақ ол үшін электрон-дық сандық қолтаңба керек.
Саят ЕРМЕК.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика