ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ ҚҰРЫЛМАҚ

Қазақстанда Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру жоспарлануда.

– Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі “ҚазМедТех” акционерлік қоғамымен, “Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы” және “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен бірлесіп, бағалар, өндірушілер, тіркеу мен жиынтықтар туралы ақпараттар жинақталатын Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру туралы жұмыстар жүргізіледі, – деді “ҚазМедТех” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Руслан Нұрмұқанов.

Оның айтуынша, бұл елімізде құрылған Қазақстан ұлттық дәрі-дәрмектер формулярының аналогы болады. “Біз бұл мәселені тездетіп шешкіміз келеді. Жоспарға сәйкес, медициналық техникалар бойынша деректер базасын құру 2019 жылға көзделген”, – деп атап өтті компания басшысы. Руслан Нұрмұқанов хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру аясында медициналық бұйымдардың жаһандық тізбектемесі танылды.

– Қазақстанда медициналық бұйымдарының жаһандық тізбектемесі құрылды. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарының теңгеріміндегі ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құруды одан әрі дамыту үшін медициналық бұйымдардың тізбектемесі порталын және медициналық техниканы басқару жүйесін интеграциялау мәселелері зерттелуде”, – деді “ҚазМедТех” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Руслан Нұрмұқанов.

Осындай ұлттық базаны құрудың арқасында денсаулық сақтау ұйымдары медициналық техниканың нақты бағасы туралы ақпараттар ала алады, ал бұл өз кезегінде медициналық техникаларды қымбат бағаға сатып алуға жол бермейді. Болашақта медициналық техникалар туралы барлық мәліметтер Ұлттық базада болады.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.