ЖҮРЕК ОТАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ

Облыстық кардиологиялық орталықта Германиядан келген кардиохирург, профессор Вернер Хабербоштың қатысуымен коронарлық артерияға стент салудың жаңа әдісі бойынша науқасқа ота жасалды. Сондай-ақ, неміс дәрігері шеберлік сағатын өткізді. Тәжірибе барысында өңір дәрігерлері шетелдік маманмен жүрек ауруына шалдыққан 43 жастағы Галина есімді азаматшаға ота жасады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 138

ТҰМАУ ТЕЗ ТАРАЙДЫ

Үстіміздегі жылы облыс аумағында А және В типті тұмау вирустарының бір кезеңде жүруі байқалуда. Тұмауға шалдыққан тұрғындар дәрігерлік көмекке жүгінуде.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 147

ТІЗІМ ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға арттырды. Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссияның шешімімен және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылға арналған медициналық тегін көмектің кепілдендірген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімі қайта қаралып, кеңейтілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 117

ЕЛ БАЙЛЫҒЫ — ҰЛТ САУЛЫҒЫ

Медициналық сақтандыру қоры ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте былтыр қараша айында қордың мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. “МСҚ: Халықтық бақылау” аталатын қосымша еліміздегі ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 128

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕРНАЗАР

№3 қалалық ауруханадағы жақ-бет хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерназар Әділшинді білікті дәрігер ретінде көптен танимын. Ол басқаратын бөлімшедегі ақхалатты жандар емдеумен қатар, адамның кескін-келбетін келісті етумен де айналысады. Мұнда жол-көлік және өрт оқиғаларына, басқа да апаттық жағдайларға тап болып, жағына, бетіне, яки мойнына зақым келгендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі. Бұған дейін мұрнында жарақаты бар жандарға осы жерде бірден көмек көрсетілетін. Қазір олай емес. Жарақат жаңа түскен болса, ол адам өзі тұратын мекенжайына қарай қаланың ауруханаларындағы және облыстық ауруханадағы лор-дәрігерлерге жіберіледі. Егер жарақат түскеніне бірнеше күн болса, тиісті ем шаралары осы бөлімшеде жасалады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 162

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика