ОТАНДЫ ҚОРҒАУ — АБЫРОЙ

Отан алдындағы борышын өтеуге әрбір жас дайын болуы керек. Яғни, олар уақыты келгенде әскери қызметтен қашқақтамай, бірден барамын деп шешім қабылдаулары тиіс.

Мен Аққайың ауданындағы Полтавка ауылының тумасымын. Орта мектепті бітірген соң, облыс орталығындағы темір жол көлігі колледжінде білім алдым. 2013 жылы әскерге шақыртылып, Қарағанды қаласындағы №52859 әскери бөлімінде ел алдындағы қасиетті парызымды өтедім. Одан келген соң, өңірде бір-екі жыл жұмыс істеп, кейін Қорғаныс министрлігімен үшжылдық келісімшартқа отырып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне қызметке орналастым. Әскери қалашықтағы жұмысым өзіме ұнайды. Кейін қызмет уақытымды тағы да создырмақ ойым бар.

Келісімшартпен әскери қызметте жүргендерге жақсы жағдай жасалған. Еңбекақы, пәтер жалдауға қажет төлемақы ай сайын беріліп тұрады. Қызметкердің отбасы әскери ауруханада тегін емделеді. Балалары балабақшаға кезектен тыс орналасады. Жыл сайын 40 тәулік көлемінде еңбек демалысы қарастырылған. Қызмет өтілі 8 жылдан асқандар білім алғысы келсе, оқу ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді. 10 жыл қызмет еткендерге санаторийлерге жолдама беріледі. Ұзын сөздің қысқасы, әлеуметтік қолдау жеткілікті. Мемлекет бізге не қажеттің бәрін жасап отыр.

Нұрсұлтан МУСИПОВ,

сарбаз.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика