Шежіре білу — тегіңе құрмет

Қазіргі таңда жастар өздерінің шежіресіне мән беруден қалғандай. Көпшілігіміз руымызды білгенімізбен, жеті атамызды айта алмай тұтығамыз. “Жеті атасын білмеген – жетесіз” деген бар ғой. Ұрпағына жеті атасын үйрету – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. “Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар”, деген тағы бар. Ата тарихын тану – ер-азаматқа міндет. Сондай-ақ, ата-ана балаға тек жеті атасын жаттатып қана қоймай, бабаларының ерлігі мен өнегелі істерін әңгімелегені жөн.

Қазіргі жастардан жеті атасын сұрай қалсаңыз, толық білмейді. Тіпті, кейбірі “оны қайтемін” деп ескілікке балайды. Сөзіме дәлел болсын, бір мысал келтірейін. Жақында досымның туған күніне бардым. Оның жолдастарымен танысып, әңгіме-дүкен құрдық. Бір уақытта қасымда отырған Асхат есімді жігіттен қай жерден екенін сұрап, Жамбыл ауданының тумасы екенін білдім. Тіпті, керей руына жататынын, әрі қарай жеті атасын тізбектеп айтып берді. Маған кезек келгенде мен де абдырап тұрып қалмай, аталарымның есімін бір деммен айтып шықтым. Бізбен әңгімесі жараспайтынын түсінген кейбір жігіттер қасымызға жоламады. Өйткені, ұялады, жеті атасын білмейді.

Қазаққа шежiресiн, шыққан тегiн бiлу – парыз. Ру сұрасу жікке бөлiну емес, “жетi атаңды бiл” дегенді білдіреді. Сондықтан, жастар өз руын біліп, “жетi атаға дейiн қан бұзылмасын” дегенді естен шығармағандары абзал.

Мақсат БАҚЫТЖАНОВ,

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқушысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.