ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жуырда Павлодар қаласында еліміздің VII қысқы универсиадасы өтті. Оған 40 жоғары оқу орнынан 1600 студент қатысып, спорттың 9 түрі бойынша сайысқа түсті.

Тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Президенттік көпсайыста Тілеген Бекқожин жеңістің бірінші сатысына көтеріліп, алтын медаль иеленді. Ал бұл спорттың түрінен қыздар арасында Виктория Козлова топ жарса, екінші орынды Юлия Швиткая иеленді. Бес шақырымдық шаңғы жарысында Данила Викторенко үздік үштікті түйіндеді.

Әнел ХАМЗИНА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика