КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Ауылдағы жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіп, үй шаруасына қолғабыс ету – мектебіміздегі игі дәстүрлердің бірі. Көктем айы туысымен ауылдағы “Тимуршылар қозғалысы” қариялардың аулаларын қардан тазалау жұмыстарына кірісті.

“Қарты бар елдің қазынасы бар” дегендей, көне-көз қарттарымыздың өмірі мен еңбек жолдары – өскелең ұрпақ үшін өнеге. Ауылдың үлкендері, әрине, риза болмай қоймады. Үйінің маңы тазарып қалғанына риза болған Галина Казимеринко белсенді оқушыларға ғана емес, аталған шараны ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына да алғысын жеткізді. Бүгінде ауылда зейнет жасындағы бес жалғызбасты адам тұрады. Денсаулықтары сыр беріп, ауыр жұмыстан қалған жандардың бар сенгені – ауыл жастары. Қарттардың алғысына кенеліп, батасын алған мектеп оқушылары қуанышпен үйлеріне тарасты.

Аймерей ТАБЫС,

Қазан орта мектебінің оқушысы.

Ақжар ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика