СИНГАПУРҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ

Қазақ жастарының озық жобалары әлемнің ірі нарығына ұсынылмақ. Тың идеялар мен бизнес-жобалар “Смарт жоба” бағдарламасы аясында іріктеледі.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент қорының қолдауымен “Смарт жоба” бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтті. Тренингті Астана қаласынан келген “Мост” бизнес-инкубаторының білікті маманы Алина Исаханова жүргізді. Шараға университет, колледждердің студенттерімен қатар мектеп оқушылары да жиналды. Мұндай дәрістерге қатысу арқылы өскелең ұрпақ бизнестің қыр-сырын меңгеріп, кейін, тіпті, шетелдерге шыға алады. Онда IT-компанияларда тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктері бар. Алайда, бұл үшін тек бизнес-жоба әзірлеу жеткіліксіз. Алина Исаханованың айтуынша, оның тиімділігі мен маңызын, қажеттілігін дәлелдеу арқылы ғана инвесторларды табуға болады.

– Жиырма үздік қазақстандық стартап жоба авторлары Астана қаласында сынға түседі. Олардың арасынан үздік бесеуі Сингапурға барып, жоғары технологиялар конференциясында өз жұмыстарын қорғайды. Жоба талабы бойынша қатысушыларға сала бағыттарын таңдау еркі берілген. Онда IT-элементтер болса жеткілікті, – дейді ол.

Бірінші гимназияның 11-сынып оқушысы Ренат Исираилов бағдарламаға қатысу үшін ұялы байланыс қызметтері бойынша жоба әзірлепті. Бұған дейін республикалық “Менің арманым” атты байқауға қатысып, жобасын сәтті қорғап шыққан Ренат Сингапурға барып, жаңа технологиялармен танысып, білімін жетілдіргісі келетінін айтты.

Мұндай бизнес-тренинг университеттің оқытушылары үшін де өткізілді. Ұйымдастырушылар жастардың идеялары әрқашан жарқын, жобалары сұранысқа ие екендігін айтып, өскелең ұрпаққа үлкен сенім артып отыр.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика