ӨЗ ҮЙІМ – ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ

Бүгінде жастардың жеке баспанаға қол жеткізуі оңай шаруа емес. Екінші деңгейдегі банктер филиалдары ипотекалық несиелерінің жоғары мөлшерлемесі көбінесе “Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім”, – деп көсіліп жатуды жай ғана арман күйінде қалдырады.

Алайда, бұл мәселе соңғы жылдары шешіліп жатыр. Соңғы екі жылда Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, өткен жылы облыс орталығының “Жас өркен”, “Береке” және “Юбилейный” шағынаудандарында 1768 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Үстіміздегі жылғы жоспар да ауқымды. Осы аудандарда жалпы аумағы 77,5 мың шаршы метр болатын 11 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бірақ баспанаға мұқтаж жандар әлі де аз емес.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені шешудің маңыздылығына ерекше назар аударып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” Үндеуін жария етті. Маңызды құжатта айтылған басымдықтардың бірі – ипотекалық несиелеуге қатысты. Ұсынылған “7– 20 – 25” бағдарламасы қазақстандықтарды қолдаудың бірегей құралы болуы тиіс. Енді Президент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан және бастапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр.

Жуырда жас отбасылармен кездесіп, бағдарламаны үлкен қызығушылықпен талдаған болатынбыз. Арамыз­да пәтер жалдап жатқан отбасылар бар. Соңғы статистиканы алып қарасақ, елімізде жастардың ажырасуы азаймай отыр. Оның басты себептерінің бірі баспана мәселесі екендігі белгілі. Осындай күрделі мәселені шешіп, жастардың ажырасу деңгейін төмендетіп, халық санын көбейтуге үлкен үлес қосатын бағдарлама қара­пайым халыққа, оның ішінде жас отбасыларға жасалынып жатқан жақсылық деп білеміз.

Роксана ОРЫНБАСАРОВА,

облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика