БАҚДӘУЛЕТТІҢ БАҒЫ ЖАНДЫ

Мамлют ауданының орталығы – Мамлютка қаласында елордамыздың 20 жылдығына орай “Аялаған Астана” атты жастар фестивалі өтті.

“Жас Отан” жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырған шараға аудан округтерінен 11 жас қатысып, өнерлерін көрсетті. Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілген фестиваль барысында қыз-жігіттер ән салып, би биледі. Конкурстың нәтижесінде Бақдәулет Сақтағанов жеңімпаз атанса, Ернар Тастанов – екінші, Асылжан Бегалинова үшінші орындарды иеленді. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңында жасотандықтар флешмоб ұйымдастырып, көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлады.

Абылайхан ҚАЙРОЛЛАЕВ,

“Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика