ӘДЕППЕН СӨЙЛЕП ӘДЕТТЕН!

Жақында ауламызда отырған бір жігіттің інісіне: “Щегол, жүгір магазинге, сусын ап кел”, – дегенін естіп қалдым. Әлгі тіл алмай қойып еді, сыпыртып боқтамасы бар ма?! Сөкет сөздер өзгенің аузынан шықса да, өзім кірерге тесік таппай қалдым. Әдепке салайын деп бір оқталып едім, жанымда отырған әжей оны менен бұрын тұқыртып алды. Сабазың “Кешіріңіз” деп бірауыз сөз айтудың орнына, ештеңе болмағандай жып беріп, үйге кіріп кетті.

Иә, бүгіндері замандастарымның сөйлеу мәдениетіне мән бермейтінін байқадым. Аға буынмен қарым-қатынасын айтып тұрғаным жоқ. Мәселе олардың өз арасында бір-бірімен тілдесулеріне байланысты. Жастар бір-бірін кекетіп-мұқатуды үйреншікті жағдай санайтын сияқты. Бір топ болып отырып, жігіттердің бір-бірін мазақ қылуын, боқтауын бірнеше рет естідім. Іс насырға шапқан кезде, “Қалжың ғой” дейді де қояды. Жастардың мұнысы достық па? “Өсер елдiң баласы бiрiн-бiрi “батыр”, өшер елдің баласы бірін-бірі “қатын” дейді” деген бар.

Жасы кішісі ағасына, әпкесіне “Сіз” деп сөйлеу түгіл, өздеріне “Ей!”, “Әй!” деп қаратып, әдеп сақтаудан қалды. Іні-қарындастарына аздап болса да ақыл айтып, мәні бар әңгіменің тиегін ағытудың орнына құрдастарындай қалжыңдаса беретінді шығарыпты. Күшікті басынан сипай берсең, еркелей түсетіні секілді кішкентай балалар да еркетотайлық танытуды әдетке айналдырады. Бұл әсте де олармен ойнауды мүлдем тыю керек дегенді білдірмейді. Іні-қарындастарымыздың тәртібіне ата-анадан бұрын біз жауаптымыз.

Әділбек ЫСМАҒҰЛОВ,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика