ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР КӨМЕГІ

“Жасыл ел” еңбек жасағы облыстық штабының өкілдері мамыр айынан бастап өңір ормандарын, облыс орталығындағы саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазартып, жалғызбасты қарияларға көмектесуде.

“Жасыл ел” – жазғы демалыстарында екі қолға бір күрек таба алмай, бос жүрген студенттерге зор көмек. Осы айда 433 жас жасаққа мүшелікке қабылданды. 12 орман шаруашылығында жұмыс істейтін қыз-жігіттердің еңбекақысы 55 мың теңге болса, Петропавл қаласында еңбектенетіндердің айлығы – 28 мың теңге. Ормандарда жүрген жасылелдіктер оқыс оқиға туындай қалған жағдайда өртсөндірушілердің кедергісіз жүріп-тұруы үшін ағаш бұтақтарын шауып, жолдар салуда. Ал қалалықтар “Гүлдене бер, туған ел!” атты акцияның шеңберінде сенбіліктер ұйымдастырып, “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің ауласын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің маңын қоқыстан тазартты. Шаһарымыз әсем де таза болуы үшін осындай игі істерге жұмыла кіріскеніміз жөн.

Антон ШИШКАНОВ,

“Жасыл ел” еңбек жасағы облыстық штабының менеджері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика