ЖІГІТКЕ ЖАТ ҚЫЛЫҚ

“Уәде – Құдайдың сөзі”, “Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені” дейді халқымыз. Бүгіндері уәдесінде тұр­майтын жастар көбейді. Бұрынғының азаматтары бірсөзді болса, қазіргі жігіттер екі сөйлеп, ұсақталып бара жатқандай.

Оларды “жігіт” деуге бола ма?! Олар үшін жалған сөйлеу, айтқан сөзінен жалтару әдетке айналып кеткен. Өтірік өрге баспайды, олардың түбінде өкініп қалары анық. Бір уақытта бірнеше қызбен “сөз байласып” жүргендері де бар. Мәселен, кейбір таныстарымыз бірге тамақ­танып отырып, “мен мындамын, жоқ, анау жақтамын” деп өтірікті соғады келіп. Осындай екіжүзділіктен кейін: “Сенген қойым сен болсаң...” – деп, оларға деген сенім азаяды. Сөзі мен ісі үйлеспейтін жігіттерден аулақ жүрген жөн.

Бұрын ақсақалдар жастарға көңілі толмай, сынап, мінді түзеп отырған. Өтірік айтса, бетіне басып, жазасын берген. Қазір сондай “қамшы” болмаған соң, жастар тіліне ерік берді. “Қатырамын, бұлжытпай орындаймын” дегенде кейбір жігіттердің беті бүлк етпейді. Осылай уәде беріп, ақыры тақырға отырғызып кетеді. “Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек” демекші, бәріне бірдей топырақ шашуға да әсте болмас. Берген уәдесін екі етпей орындайтындары да бар.

Арай ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика