РУСЛАННЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Солтүстікқазақстандық спортшы Тайландта студенттер арасында тай боксынан өткен әлем біріншілігінен жүлделі оралды.

Паттайя қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додада Еуропа мен Азия елдерінен 400-ден астам спортшы бақ сынаса, еліміздің намысын 10 жігіт қорғады.

Жерлесіміз Руслан Заякин тай боксымен мектеп қабырғасынан айналысады. Содан бергі 10 жылдан астам уақыт бойы түрлі сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. 2016 жылы жасөспірімдер арасында Татарстанның Қазан қаласында өткен әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағынған ол биыл да жақсы нәтижеге қол жеткізді. Байрақты бәсекеге жаз бойы дайындалған спортшы 71 килограмм салмақ дәрежесінде қолғап түйістірді.

– Әлемдік деңгейдегі жарыс болған соң, қарсыластарым осал болған жоқ. Алайда, намысты қолдан бермеуге тырыстым. Алдымен Кипр елінің өкілімен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеттім. Кейін ресейлік спортшыға есе жіберіп, қола жүлдегер атандым. Бұл жеңістерімнің басы, алдағы уақытта бапкерімнің үйреткен әдіс-тәсілдерін сәтті пайдалануға барымды саламын, – дейді Руслан.

Енді 19 жастағы спортшы қараша айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан кубогында өңір намысын қорғайды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика