ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

Жыл сайынғы өңірлік жастар форумы биыл қараша айының соңына жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі шараның алдында өңірдегі үздік жастарды анықтап, ынталандыру мақсатында “Самрұқ – 2018” конкурсын жариялады.

Конкурсқа қатысушылар сегіз аталым бойынша сынға түседі. Солардың алғашқысы – “Жыл қаһарманы”. Мұнда тілсіз жаудан адам өмірін арашалап қалған ержүрек азаматтар марапатталады. Ал “Жыл шебері” аталымында зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін жас мамандардың еңбектері бағаланады. Одан кейін білім беру, денсаулық сақтау, ғылым саласындағы “Жас мамандар” анықталады. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл аталым бойынша қатысуға ниет танытқандар әзірге санаулы. Ал спортшылар арасындағы “Жыл спортшысы” аталымы бойынша 16 өтініш қабылданыпты.

Облыста тіркелген 85 жастар ұйымы да аталмыш байқауға қатыса алады. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар “Жас дарын” аталымында бақ сынайды. Бір айта кетерлігі, бұл аталым бойынша бұқаралық ақпарат құралдары да өз жұмыстарын жолдай алады.

– Жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттеріне “Жыл студенті” аталымына қатысуға болады. Ал соңғы аталым “Жыл жаңалығы” деп аталады. Оған қатысу үшін 14 пен 29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді шақырамыз, – деді “Жас ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” өңірлік бөлімінің жетекшісі Дархан Теміртас.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика