Сіз мындасыз: Home БІЛІМ БЕРУ Мұғалімдер сынға түсті

Мұғалімдер сынға түсті

Петропавл қаласында білім саласының мамандары қатысқан байқау өтті. Бұл жолы колледж, мектеп мұғалімдері және балабақша тәрбиешілері жұп болып сынға түсті.

– Біздің мектепте тәжірибелі ұстаздар көп. Бүгінгі байқауда да солардан үйренгенімді, өз білгенімді ортаға салдым, – дейді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Пески орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Дәулетова.

Жалпы, облыстық байқауға отыз жеті жұп қатысты. Талапкерлер мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша төрт санатқа бөлінді.

– Сәуір айының 15-інен мамыр айының 15-іне дейін байқаудың сырттай кезеңі өткен болатын. Ал екінші кезеңде үміткерлер шеберлік сыныптарын көрсетті, шығармашылық ұстанымдарын қорғауды, тәлімгерлік қабілеттерін дамытып, жаңашылдықтарымен бөлісті, – дейді “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ы облыстық филиалының жетекші маманы Гүлмайда Мүсетаева.

Осымен төртінші рет өткізіліп отырған байқау жеңімпаздары диплом және сертификаттармен марапатталды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.