ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов “Петропавл арақ зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысып, кәсіпорынның жаңа инвесторы болып табылатын “Nord Food” компаниясының басшылығымен ұжымның болашағына қатысты мәселелерді талқылады. Бір жарым ай бойы тоқтап тұрған өндіріс бүгінде қайта жандана бастаған. Енді жаңа басшылық зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.

– Кәсіпорынның қалыпты жұмыс істейтініне сенеміз. Өйткені, оның болашағы бар. 3,1 миллиард теңге акциздің қазір 2 миллиард теңгесі төленді. Қалған сомасы жыл аяғына дейін өтеледі. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы жылы көбеюі тиіс. Өкінішке қарай, мұнда орташа еңбекақы мөлшері төмен, сондықтан оның қорын ұлғайтқан абзал. Сонымен қатар зауыттың жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндігі бар, – деді Құмар Ақсақалов.

“Петропавл арақ зауыты” ЖШС-нің директоры Еркін Айдарханов өңір басшысын алдағы уақытта кәсіпорын тұрақты жұмыс істейтініне сендірді.

– Біріншіден салық, екіншіден әлеуметтік міндеттер бойынша зауыт өз алдында тұрған талаптарды орындайтын болады. Жұмыс орындарын сақтап, жаңаларын да ашатын боламыз, – деді Еркін Айдарханов. Қазіргі уақытта зауытта 168 адам еңбек етеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.