ІЗГІЛІК ШУАҒЫ

Православие шіркеулерінде қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Рождество мерекесі аталып өтті. Петропавлдағы “Вознесение Господня” шіркеуінде өткен шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысты.

Сегіз күн бойына жалғасатын діни мерекенің алғашқы түнінде Иса пайғамбардың құрметіне шіркеуге келіп, құлшылық еткен барлық солтүстікқазақстандықтарды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан құттықтаған оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров:

– Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында түрлі этностардан құралған барша қазақстандықтардың басы қосылып, елімізде діни және ұлтаралық тұрақтылық орнады. Жаңа өмірдің бастауымен, үміт пен сенімнің нығаюымен байланыстырылатын бұл мереке гуманизмнің, рақымшылықтың, мейірімділіктің, жақыныңа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналып отыр. Осы мерекеде барлық солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен мықты денсаулық, құт-береке, бақыт, татулық және игілікті істерде табыс тілеймін, – деді.

Өз кезегінде Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир Рождество мерекесімен құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасарына діни мейрамға деген ілтипаты үшін алғысын айтып, арнайы әзірлеген сыйлығын тарту еттi.

Салтанатты шара балалар хор ұжымының рождестволық әнімен және Құдайға құлшылық ету рәсімімен жалғасын тапты.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.