НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жаңа басшысын активке облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров таныстырды.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында халық қалаулылары Болат Жұмабековтың кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Ауданның активімен кездескен Айдарбек Сейпілұлы жаңа әкімнің әртүрлі қызмет баспалдақтарында ысылып, тәжірибе жинақтаған білікті басшы екендігін атап өтті.

Облыс басшысының бірінші орынбасары тағайындалған жаңа әкімге ауданды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Аудан әкімінің алдында егіс алқаптарын әртараптандыру шараларын қарқынды жүргізіп, олардың көлемін 160 мың гектарға жеткізу міндеті қойылды. Мал шаруашылығын дамытып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділік таныту, ауданның экономикасын еселеп, кірісті арттыру қажеттігі атап көрсетілді. Сондай-ақ, елді мекендерге инвестиция тартылып, өндіріс саласына да қарқын қосылуы тиіс. Мәселен, елді мекендерде шикізатты өңдеу, өнеркәсіпті дамыту және баламалы қуат көздерін енгізу сияқты көптеген жобаларды жүзеге асыру керек. Ауданның жаңа басшысына инфрақұрылымды дамыту ісіне де екпін беру міндеттелді.

Өз кезегiнде Болат Жұмабеков өңірдегі іргелі ауданды басқаруды тапсырған өңір басшысына алғысын бiлдiрiп, алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыруға дайын екендiгiн жеткiздi.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.