САЛТАНАТТЫ ШЕРУ

Облыс орталығында Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыстық ішкі істер органдары гарнизонының салтанатты шеруі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған мерекелік сап түзеу шарасына өңір басшысы Құмар Ақсақалов, солтүстікқазақстандық полицейлер мен құқық қорғау саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатты шеруді ашқан топ сап түзеген 800-ден астам тәртіп сақшысының алдынан нық қадаммен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып өтті.

Шара барысында сөз алған облыс әкімі:

– Құрметті облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері, ардагерлер! Бүгін сіздермен өте маңызды мемлекеттік мерекелердің алдында кездесіп отырмыз. Еліміздің құқық қорғау органдары Тәуелсіздік жылдары еліміздің тірегі, тыныштығымыздың кепілі бола білді. Облыстың дамуына қосқан үлестеріңіз аз емес, – дей келе, уақытпен санаспай еңбек етуді талап ететін жауапкершілігі мол жұмыстың ауырлығына қарамай, елдегі қауіпсіздік пен тыныштық күзетінде тұрған полицейлерге алғысын білдірді. Өңірдегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар көрсеткішінің кемуі – тәртіп сақшыларының еселі еңбегінің нәтижесі.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығына сәйкес бірнеше полиция қызметкері кезекті әскери шендерін алды. Жас қызметкерлерге офицер погонын Құмар Іргебайұлы табыстады.

Мамыр айындағы айтулы мерекелер қарсаңында ұйымдастырылған шара соңында жеке құрам алаңды бойлай салтанатты сап түзеп, жүріп өтті.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика