КЕЛІСІМ КӨКЖИЕКТЕРІ

Елордадағы он бірінші Астана экономикалық форумы аясында өткен “Investors' round table” “дөңгелек үстел” барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен “CLAAS” компаниясының Шығыс Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры Нильс Ройтч ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын ашу жоспарланған. Зауыт “CLAAS” астық комбайндары мен тракторларын жинақтаумен айналысатын болады.

Бұл меморандум Қазақстанда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды механизм болатынына және елімізде жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникаларын шығару көлемін ұлғайту мен тығыз коммерциялық байланысты дамыту үшін негіз құратынына қос тарап сенімді.

“CLAAS” машина жасау компаниясы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын ірі кәсіпорын болып табылады. Еуропадағы, Азиядағы және Америкадағы оның 14 зауытында он бір мыңнан астам адам еңбек етеді. Солтүстік Америкада компания өз өнімдерін “LEXION Caterpillar” сауда маркасымен шығарады. “CLAAS” компаниясы шығаратын өнімдердің арасында астық және шөп жинайтын комбайндар, тракторлар, нығыздағыш-жинағыштар, телескопиялық жүк тиегіштер бар. Компания жыл сайын 3 млрд. евроның өнімін шығарып, өз тұтынушыларына жөнелтеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика