ДАМУҒА — ТЫҢ СЕРПІН

Петропавлда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Асқар Мамин Мемлекет басшысының солтүстік өңірді одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығына тоқталды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленген. 12 бағытты қамтитын жобада әлеуметтік нысандар құрылысы, көлік және инженерлік коммуникацияларды дамыту, агро-өнеркәсіп кешенінің өңдеу қуатын арттыру, қорғаныс кешені кәсіпорындарын жаңғырту көзделген. Жалпы алғанда 64 шараны жүзеге асыру қарастырылып, нәтижесінде шамамен 14 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Облысты дамытудың кешенді жоспары аясында 300 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ.

– Солтүстік Қазақстан облысын 2018-2021 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспарын жасау – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы. Аталмыш құжатты жүзеге асыру облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға зор серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады, – деп атап өтті Асқар Мамин.

Отырыс соңында Премьер-министрдің бірінші орынбасары ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігіне жоғарыда айтылған пікірлерді ескере отырып, 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әрі қарай толықтырып, белгіленген тәртіппен Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика