АҒА БУЫН – АРДАҚТЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы Жастар сарайында аға буын өкілдерімен кездесіп, оларды Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады. Өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жүрекжарды лебізін білдірді.

 

Бұл – қан майданда қайсарлық танытқан, одан кейін ерен еңбегімен елдің дамуына атсалысқан ардагерлерді ардақтайтын, құрмет құшағына алатын ерекше мейрам. Облыс әкімі бұл аға буынға алғыс айтатын күн екенін жеткізді.

– Сіздердің өмір бойы жинақтаған терең білімдеріңіз, таусылмас тәжірибелеріңіз, жасампаздыққа бағытталған батыл ұстанымдарыңыз жастар үшін – өмір мектебі, даналықтың үлгісі дер едім. Сіздер әлі күнге дейін облысымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, бағыт-бағдар көрсетіп келесіздер. Сол үшін алғысым шексіз, – деді Құмар Іргебайұлы.

Өңір басшысы кездесуге келген аға буын өкілдерімен емен-жарқын әңгімелесіп, елімізде, облысымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты пікір алмасты. Солтүстік Қазақстан облысында қарттарды құрметтеу бір күнмен шектеліп қалмайтынын жеткізді. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы жарияланып, сол аралықта соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер мен мүгедектерге жан-жақты көмек көрсетілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика