ПЕТРОПАВЛДА ЖАҢА ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Петропавл қаласында мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында әмбебап теннис орталығы ашылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен "ForteBank" спорт нысанына 1,7 млрд. теңге инвестиция салған.

Жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымының табысты әріптестігінің үлгісі іспетті болған нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгінде жайлы спорт орталығы қалалықтарға пайдалануға берілді.

Бұл жобаға елдегі балалар теннисін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы бастамашы болғанын айта кеткен жөн.  

"Қазақстанда теннис ойыны жоғары деңгейде танылып келеді. Жаңа орталықта 250-ден астам бала шұғылданады. 2019 жылдың бірінші жартысында Петропавлда ATF сериясындағы турнир, ал 2019 жылдың екінші жартысында ITF сериясындағы халықаралық турнир өтеді. Енді спортшы жеткіншектер еліміздегі турнирлерге қатысып қана қоймай, жақын және алыс шетелдердің кәсіби теннисшілерін бақылауға мүмкіндіктері бар", - деп түсіндірді теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Барлық халықаралық талаптарға сай спорт орталығы Спорт сарайының жанында орналасқан. Қазіргі екі қабатты кешенге төрт жабық және үш ашық корт, 1 200 көрерменге арналған трибунасы бар орталық корт кіреді.  Жобаның жалпы ауданы – 7 239 шаршы метр.

"Біз осындай маңызы зор және әдемі жобаның қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру біздің қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, жаңа спорт орталығы кәсіби спортшыларды даярлау бойынша қазіргі заманғы жаттығу базасы ғана емес, Петропавл тұрғындары арасында танымал болады деп сенемін", - дейді «ForteBank» басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили салтанатты рәсімде.

"Елбасы тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясындағы әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру – бірегей теннис орталығын салу біздің банкпен ынтымақтастығымыздың бір мысалы болып табылады, ол бүгінгі күннен бастап қала тұрғындарына жайлы теннис корттарында, волейбол және баскетбол алаңдарында уақыт өткізуге мүмкіндік береді",  - деп атап өтті  облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Жаңа спорт кешенінде кәсіби және әуесқой тенниспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған: душы бар киініп, шешінетін бөлмелер, кафе, жаттығу залы, теориялық сабақтарға арналған конференц-зал. 

«ForteBank» баспасөз қызметі

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика