ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘРІПТЕСТІК

Бүгінде көпшілік назары еліміздің солтүс-тігінде орналасқан көне шаһар – Петропавлға ауып отыр. Мұнда 8-9 қараша күндері Қазақ-стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтпек. Алқалы жиынның тақырыбы – “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері”.

Форум бүгін, яғни 8 қараша күні теннис орталығының ғимаратындағы туристік көрмемен басталды. Дүниежүзілік туристік қауымдастықтың мәліметі бойынша, 2017 жылы Қазақстан туризмнен 1,929, ал Ресей 8,945 млрд. АҚШ доллары көлемінде пайда көріпті. Бұл саланың даму көкжиегі кең. Сондықтан ынтымақтастық форумында Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара әріптестікті нығайтуға, оның ішінде, екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдетуге және тәжірибе алмасуға, туристік индустрияға инвестициялар тартуға баса назар аударылмақ.

Қос мемлекет үшін табысты сала саналатын туризмді дамытудың нақты тетіктері туралы 9 қараша күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыста айтылмақ. Бір мыңнан астам делегат қатысатын форумда үкіметаралық, өңіраралық және коммерциялық бағыттағы отыз шақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

Форум аясында екі ел өнерпаздарының қатысуымен көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Қатысушылар назарына Қазақстан мен Ресей халықтарының достығын паш ететін спектакльдер мен фильмдер, концерттер ұсынылуда. Мұражайлар мен мұрағаттарда тақырыптық көрмелер ашылды. Мәдениет нысандарының есігі келушілердің барлығына ашық. Сондай-ақ, өңір тұрғын-дары теннис орталығындағы “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері” форумы аясындағы көрмені 10-11 қараша күндері тегін тамашалай алады.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика