Сіз мындасыз: Home BILIM BERY' ЖҮЗДЕН — ЖҮЙРІК

ЖҮЗДЕН — ЖҮЙРІК

Өңіріміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің арасында дәстүрлі облыстық “Жүзден жүйрік” байқауы өтті. Байқауға 46 үміткер қатысып, өздерінің білім беру сапасын жетілдіру бойынша оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп отырған заманауи технологияларын ортаға салды.

– Бірінші тапсырмада әр қатысушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласымен байланыстыра отырып, өзінің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, өз-өзін таныстырды. Екінші тапсырма бойынша қатысушылардың нормативтік-құқықтық сауаттылықтары мен пәндік, әдістемелік тұрғыдан біліктіліктерін анықтауға арналған тест орындалды. Үшінші тапсырмада авторлық бағдарламалар макеттері ұсынылып, әдістемелік шеберліктерін көрсетуге арналған сабақ үзіндісі көрсетілді, – дейді “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының оқытушысы Гүлзат Әлжанова.

Байқау қорытындысында еңбек өтілдеріне қарай жіктеліп, сайысқан қатысушылардың жүйріктері анықталды. “Жаңа толқын” (1-5 жыл) секциясында – Диана Жүсіпова (Айыртау ауданы), “Жаңалық жаршылары” (5-11 жыл) секциясында – Айым Қамырова (Аққайың ауданы), “Кәсіби шеберлер” (10-17 жыл) секциясында – Медет Бекішев (Мағжан Жұмабаев ауданы) және “Кәсіби тәлімгерлер” (17 жылдан жоғары) секциясында Бағлан Омарова (М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі) жеңіске жетті.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.