Сіз мындасыз: Home BILIM BERY' МІНДЕТТІ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ

МІНДЕТТІ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” тақырыбындағы Жолдауы әңгіме өзегіне айналды.

Кездесуге саяси партиялар филиалдарының төрағалары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері қатысты. “Ақ жол” демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Евгений Кинцель Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген он міндетке қысқаша тоқталып өтіп, инновациялық даму, қаржы саласы және Елбасы әрқашан айрықша мән беретін сыбайлас жемқорлықпен күрес бағыттары бойынша тапсырмалардың орындалуы еліміздің дамуын жеделдете түсетінін айтты. Және “Ақ жол” партиясы барлық міндеттерді орындау бағытында ауқымды жұмыстар атқаратынын жеткізді.

Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің төрайымы Бақытжан Сәмиева: “Жолдауда қарастырылған мәселелердің ауқымы кең. Сол себепті бұл маңызды құжатта әрқайсысымыз үшін қажетті, маңызды өзгерістер бар. Осы ретте өскелең ұрпақтың үш тілді жетік меңгеруі әрі сапалы білім алуы бағытында алдымызға қойылған айқын міндеттер орындалуы тиіс”, – деді.

Қатысушылардың барлығы биылғы жылдың маңызды құжаты болып саналатын Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді толығымен қолдап, оны орындау бағытында жұмыс істейтіндерін айтты.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.