Сіз мындасыз: Home BILIM BERY' ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Облыс колледждерінің арнайы пәндерді оқытатын бес оқытушысы алыс шетелдердің тәжірибесін үйреніп, халықаралық тағылымдамадан өтіп келді.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық және Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждерінің оқытушылары Малайзияда біліктіліктерін арттырды. Петропавлдағы машина жасау және Ленинград ауыл шаруашылығы колледждерінің ұстаздары Англияда білімдерін жетілдірсе, құрылыс-экономикалық колледжінің өкілі Финляндияда тағылымдамадан өтті.

– Бұл курстарды ұйымдастырудағы мақсатымыз – шетелдердің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі тәжірибесін зерттей отырып, олардан үйренген жаңашылдықтардың тиімдісін өзімізге енгізу. Сондай-ақ, оқыту әдістемесін ақпараттықталдамалық және құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру және ағылшын тілі деңгейін арттыру көзделді, – дейді облыстық білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық-технология орталығының әдіскері Алма Құсайынова.

Енді облыс колледждері шетелден үйренген кредиттік-модульдік оқыту технологиясын өзімізде біртіндеп енгізуді қолға алмақ. Айта кеткен жөн, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж “Өзін-өзі тану” пәні мұғалімдеріне оқыту тілімен қоса ағылшын тілін де үйретіп шығаруды қолға алып, қанатқақты жобаны іске қосты. Сонымен қатар колледж ағылшын тілін меңгерген математика, бастауыш сынып мұғалімдерін, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін даярлауды жоспарлап отыр.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.