Сіз мындасыз: Home BILIM BERY' КӨШПЕЛІ ЖИЫН

КӨШПЕЛІ ЖИЫН

“Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі”, – деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, қай заманда да ұстаз мәртебесі асқақ болғаны жөн.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының оқытушылары мен “Білім берудегі көшбасшы” клубының өкілдері ауылдық мектеп мұғалімдері үшін ұйымдастырған көшпелі әдістемелік шара барысында осы мәселе сөз болды.

Мамлют ауданындағы Белое орта мектебіндегі шараға сол маңдағы өзге ауылдардың мұғалімдері де қатысты. Ұжымдық рух қалыптастыру, оқушылар және ата-аналармен ортақ тіл табысу, жаңа мазмұнда оқыту бағдарламасының мәселелері де әңгіме арқауына айналды. Ұстаздар жиынына оқушылар да қатысты. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұзақ, қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктері және оның бағалауға әсері туралы сөз қозғалып, ұстаздардың сұрақтарына жауап берілді.

Алдағы уақытта көшпелі әдістемелік жиындар басқа аудандарда да өткізілетін болады.

Күлзағира НҰРТАЕВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының аға оқытушысы. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.