Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ “ЗЕРДЕ” — ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ

“ЗЕРДЕ” — ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ

“Зерде” зерттеу жұмыстары байқауы орта және кіші жас аралығындағы оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, танымдық әлеуетін ынталандыру, балалардың зерттеуге бейімділігін арттыру мақсатында өткізіліп келеді.

“Балдәурен” оқу-сауықтандыру орталығында XIII мәрте өткізіліп отырған республикалық байқауға біздің облыстан 16 ғылыми жоба ұсынылды. Соның төртеуі І орынға ие болды. Тоғызы ІІ және ІІІ орындарды еншілесе, үшеуі мақтау қағазын алды.

Өңірімізден жолданған жұмыстардың тақырыптары да әртүрлі. Оқушылар өз зерттеулеріне мақал-мәтелдердегі сандардың қасиеті, дене сымбаты, латын әліпбиі, су тазарту, анимацияға алғашқы қадам, тағы басқа тақырыптарды арқау еткен.

Өңір өнертапқыштарының ішінде үздік деп танылған зерттеу жұмыстарының бірі “Күл-қоқыс қалдықтарын құрылыста және ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкіндігі” тақырыбына арналған. Авторлар – Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-гимназияның оқушылары Аяулым Жасұланқызы мен Ерлан Сақыпкереев.

Ал Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін бірінші лицейдің оқушысы Лия Ғалымжан “Есеп шығарудың графикалық әдістері” тақырыбын зерттесе, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы Игорь Камаров “Мультфильм жасаудың алғашқы қадамдары” бойынша ізденген. Шал ақын ауданындағы Кривощековка орта мектебінің 7-сынып оқушысы Қасиет Жұмабектің “Сым заманының ақыры немесе болашақта сым қажет пе?” атты зерттеу жұмысы комиссия мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика