Сіз мындасыз: Home BILIM BERY' ҰСТАЗДАР ЖЕҢІСІ

ҰСТАЗДАР ЖЕҢІСІ

Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясы өткізген V республикалық тәуелсіз “Үздік ұстаз” байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдер қатысты. Аталмыш байқауда облысымыздың екі ұстазы жеңімпаз атанды.

Байқаудың мақсаты педагогикалық жоғары нәтижелерге жеткен ұстаздарды анықтап, олардың іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау болатын. Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінен байқауға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Нәзира Сыздықова және математика пәнінің мұғалімі Салтанат Неғметованың асықтары алшысынан түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Нәзира Сыздықова отыз жылға жуық уақыт бала бойына ұлттық рухани құндылықтарымызды сіңіріп келеді.

Салтанат Ғалымжанқызы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін математика және информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Ұстаз жаңа мазмұндағы оқыту технологияларын меңгеру мақсатында математика пәні және “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен.

Жеңімпаздарға “Үздік ұстаз” төсбелгісімен бірге куәлік және сертификат табысталды. Ұстаздардың жазған талдамалық есептері электрондық жинақ болып шықты. Онымен Академия сайтында танысуға болады.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.